Жұмыс сапарымен Махамбет ауданына барған аймақ басшысы аудан орталығында салынып жатқан спорт кешені құрылысының ұзаққа созылуын сынға алып, кемшіліктерді түзеуді тапсырды, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
Сондай-ақ, облыс әкімі үш жыл бұрын басталған жобаның әлі де толық аяқталмағанын сынға алды.
- Басталған жұмыс уақытылы тапсырылуы тиіс. Егер, бұл нысанды бір мердігердің аяқтауына мүмкіндігі жетпесе, қосымша мердігер мекеме қарастыру керек. Ғимараттың кіре берісіндегі кемшіліктер жойылуы керек. Қаржының мақсатты жұмсалуы жіті бақылауда – деді, облыс әкімі М.Досмұхамбетов.
Ал, мердігер мекеме өкілінің айтуынша 1000 шаршы метрді қамтитын нысанның енді сыртқы абаттандыру жұмыстары қалып отыр.
- Сыйымдылығы 160 адам болатын дене шынықтыру кешенін қазан айында пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс аумағы жергілікті жұмысшылармен қамтылған. Жоба аясындағы жұмыстар толық аяқталған соң, спорттық құралдармен жабдықталып, футбол, волейбол және баскетбол залдары жасақталады – деді «АқсайСтройСервис» ЖШС-нің директоры Қ.Есмұханов.