Оқушыларға тағы 11 000 ноутбук таратылады

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова онлайн брифингте хабарлады.

– Пандемия кезінде 24 730 оқушы планшет, ноутбук сияқты компьютерлік технологиялармен қамтылды. Оның 19 072-сі – ауылдық елдімекеннің аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар. Сондай-ақ, 3 000 интернет роутер сатып алынып, қажеттілігі бар оқушыларға таратылды. Қарашаның 10-ына дейін тағы 11 000 ноутбук келеді. Олар да білім беру ұйымдарына жіберіліп, қажет ететін оқушыларға үлестіріледі, – деді Айнагүл Дүйсекенова.

Оның мәліметіше, бүгінде облыс бойынша 1 – 4 сыныптар арасындағы оқушылардың 24 831-і кезекші сыныптарда білім алуда. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 13 200 тәрбиеленуші барып жүр.


Барлық білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік пен карантиндік талаптардың орындалуын жергілікті атқарушы органдар мен білім беру басқармасы жанынан құрылған мобильдік топ кестеге сай тексеруде.

https://batys.info

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика