8-9 ақпан күндері Құлсары қаласында Дзюдо күресінен кіші жасөспірімдер арасында "KULSARY JUDO OPEN CUP 2" облыстық ашық турнир өтті.
Турнирге қатысқан 2011-2013 жылы туған 46 кг салмақта Аманғали Нұрғали || орынды иеленді. Жаттықтырушысы: Ғаббасов Серікбол
Нұрғали Нұржау мектебінде білім алып қазіргі уақытта Олимпиадылық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде 8 сыныпта оқиды. Нұрғали әкесінің сенімін ақтап, лайықты ізбасары екенін дәлелдеп келеді.
Самбо Дзюдо күресінен Әлем чемпионы Хатип Арсен ағаң сияқты Нұржау ауылының атын әлемге танытар азамат бол!
Алдағы уақыттарда үлкен белестерді бағындырып, чемпион болуыңа тілектеспін.
Ғайса Ринат
Нұржау селосы