Мектептердегі өзін-өзі басқару ұйымдарыПрезиденттерін, форум делегаттарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымыныңорынбасары Ольга Можаева құттықтады:
– Биылғы дәстүрлі форум Тәуелсіздіктің 30 жылдығынаарналған, «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» ұраны NIS президенттерінің басты қағидаттарының бірі – командадағы көшбасшы, мектептегі көшбасшы, өмірдегікөшбасшы растайды.
Оңтүстік астанадағы химия-биология бағытындағы NIS-тің шығармашылық ұжымы «Алматы достарды қарсы алады» мюзиклін ұсынды.
Екі күн ішінде форумға түрлі саладағы танымал кәсіпқойлар, сондай-ақ Зияткерлік мектептердің түлектері қосылды. Психология ғылымының докторы, «SKILLFOLIO» білім беру платформасының негізін қалаушы Виктория Шиманская Мәскеуден байланысқа шықты, ол Зияткерлік мектептермен ұзақ уақыт бойы табысты жұмыс жасап келеді. Онлайн семинарда форум қатысушылары жеке және командалық тиімділікті дамыту тәжірибесі мен дағдыларын талдады.
Талдықорғандағы NIS-тің 2015 жылғы түлегі Құдайберген Дәулеткерей форумға Кореядан қосылды. Құдайбергеннің мотивациялық сөзін 2015 жылғы Қызылордадағы Зияткерлік мектеп түлегі Әйгерім Жолмырза жалғастырды, ол NU-дағы жоғары экономика мектебінің менеджері болып жұмыс істейді. Венгрия университетінің ғылым магистрі Әйгерім Еуропа елдерінде волонтерлік қызмет атқару арқылы президенттерді шабыттандырды. Қоғамдық жұмысты мектеп басқарудағы негізгі аспект ретінде көретін NIS түлегі қоршаған ортаны қорғауды өзінің миссиясы деп санайды.
Делегаттар Абу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің студенті Нұрпейіс Баймұханды думанды қошеметпен қарсы алды. Елордадағы Халықаралық Бакалавриат мектебінің (IB) түлегі «What is Leadership?» тақырыбында баяндама жасады. Кейін форум қатысушылары Абу-Дабиден Германияға ауысып, байланысқа Бонн университетінің 1-курс студенті, Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS түлегі, физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Асылбек Олжабаев шықты. Асылбек өз сөзін патриотизм тақырыбы мен отбасылық құндылықтарға арнады.
Пікірталас алаңында көшбасшылар «NIS оқушыларының патриоттық, зияткерлік, физикалық, мәдени дамуында білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының рөлі қандай?» өзекті мәселе бойынша баяндамалар жасады. Әр Зияткерлік мектептің көшбасшысы түрлі бағыттағы эксклюзивті жобаларын ұсынды.
Алматылық NIS психологтары өткізген «Көшбасшылық синергиясы» тренингі делегаттарға бір-бірін жақынырақ білуге және мектеп басшысының рөлі туралы тағы бір рет ойлануға, сондай-ақ тұлғааралық және әлеуметтік қатынастарды құрудағы жаңа құралдармен, келіссөздер жүргізу өнерімен, бір ортақ мақсат үшін командада жұмыс істеу жолдарымен танысуға көмектесті. Қорытындылай келе, әр команда постерлер арқылы көшбасшы туралы түсініктерін көрсетті.
Форумға Атырау қаалсындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен қатысқан 11 сынып оқушысы Диана Бауыржанқызы Үмбетқалиева да өз ерекше әсерімен бөлісті. «Алдымен Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ға, Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ-ге, осы мектептің өзін-өзі басқару ұйымына ауқымды шара ұйымдастырғандары үшін үлкен алғыс білдіргім келеді. Форум барысында екі күн бойы түрлі тың ақпаратқа қанықтым. Форум жәй құрғақлекциялар түрінде емсе, тәжірибе алмасу бағытында да өтті, оны енді өз тәжірибемде де қолданып көремін. Өз ісінің кәнігі мамандарының арқасында тұлға ретінде даму қарқынымыз жеделдеді. Аз уақыт ішінде барлық көшбасшылармен жақын араласып, бауыр басып та үлгердік. Бұл жылғы форум есімде тәтті естеліктерімен сақталады» - дейді ол.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ делегаттарды форумның сәтті өтуімен құттықтап, президенттерді мектептер арасындағы ынтымақтастықты онлайн форматта жалғастыруға шақырды.
Қатысушылар да жеткіншек бойындағы көшбасшылық қабілетті арттыруға зор үлес қосқан форумның жоғары деңгейде өткеніне дән разы. Дәстүрлі дәріпті жалғастыруға да даяр екендерін жеткізді.