NIS-те желілік тоғызқұмалақ додасы өтті

(0 Votes)

NIS-те балалар-жасөспірімдер спортын дамыту және насихаттауды мақсат еткен онлайн форматтағы желілік «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша спартакиада өтті. Онлайн форматта өткен ашылу салтанаты түрлі қызықты мәліметке толы болды.

Назарбаев Зияткерлік мектептері және Астана қаласындағы Халықаралық мектеп оқушылары арасындағы тартысты додаға биыл 94 оқушы қатысты.

Жалпы, 7 ойын өткен болса, Атыраудағы NIS оқушысы Ақбота Досан 4 ойында оза шапты.   Алмас Жеңісте – 3, Фатима Рафхатқызында – 3, сондай-ақ, Мейіржан Ердәулетте –  2 ұпай.

Тоғызқұмалақ ойнағанына небары бір жыл болған Алмастың пікірінше, бұл ойын шапшаң шешім қабылдауға, тез есептеуге үйрететіндігімен ерекше. – Бір қызығы, былтырғы қарсыластарыммен биыл  тағы да ойнадым. Жарыс барысында, өз деңгейімнің өткен жылғымен  салыстырғанда біраз өскенін байқадым. Тоғызқұмалақ менің жәй ғана жаныма жақын хоббиім екенін ескерсек, бұл белесімнің  өзі менүшін үлкен тәжірибе, – дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521