Негізгі жолдар ұялы байланыспен қамтылады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында 81,31% дауыс жинау ол жақсы көрсеткіш. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осындай нәтижеге жетіп отыр. Кеше ғана Орталық сайлау комиссиясы хаттамаға қол қойды, енді, 26 қарашада ұлықтау рәсімі өтеді.

Сұңғыла саясаткер, әлемдік аренада өзіндік орыны бар, тәжірибелі дипломат Қасым Жомарт Кемелұлының Президент болып сайлануы еліміз үшін маңызды жайт. Өйткені осыған дейін жасалып жатырған барлық реформалардың артында осы тұлға тұр. Қазір жан-жақтағы, алыс-жақындағы шетелдерден келіп жатырған құттықтауларда да дұрыс таңдау жасалғаны айтылуда. Осының бәрі халқымыз үшін мерей. Мемлекет басшысы бұған дейін: «Президент лауазымы жоғары жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді», деген болатын. Қазақстан сияқты екі жағында алып көршілері бар, көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған кең-байтақ елді басқару оңай шаруа емес. Сыртқы және ішкі саясаттан хабары бар, оны дұрыс жүргізе алатын адам ғана осындай жоғары лауазымға лайық. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай тұлға!

Сайлауалды бағдарламасында Президентіміз бірқатар мәселелерді шешетінін жеткізді. Соның ішінде қуатты аймақтар мен заманауи инфрақұрылым құру аталды. Негізгі жолдарды ұялы байланыспен қамтамасыз ету жайы да қозғалды. Бүгінде Құрманғазы ауылы мен Азғыр өңіріне дейінгі аралықта ұялы байланыс жоқ. Құмды жолда далада қалсаң хабарласып көмек сұрай алмайсың. Сол сияқты Асан, Сүйіндік, Азғыр ауылдарының  аралық жолдарының бойы да ұялы байланысқа қолжетімсіз. Тек, округ орталықтарына жақындағанда ғана ұйықтап жатырған телефоның оянады. Осы себепті жеңімпаз атанған үміткердің бағдарламасы көңіліме қонды. Елімізді алда үлкен даму күтіп тұр деп есептеймін. Президентімізге, оның ел ертеңіне шұғыла шашар мақсаттарына қолдау көрсетейік.

Асқар Ғұмаров,
Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521