Президенттің Жолдауында айтылған цифрлық жаңару мен жасанды интеллектті енгізу бастамалары өндірісте жұмыс істейтін мамандар үшін өте маңызды. Жаңа технологиялар тек жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, қауіпсіздікті де арттырады. Кәсіпорындарда автоматтандырылған жүйелердің пайда болуы қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге түрткі болады.
Мемлекеттің техникалық мамандықтарды қолдауы — біздің еңбегімізге деген құрметтің белгісі. Жаңашылдықты қабылдап, қайта оқудан өтсек, бәсекеге қабілетті маман болуға толық мүмкіндік бар.

