Назарбаев өзінің өмір сүру тәртібімен бөлісті

(0 Votes)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету» атты деректі фильмінде  өзінің тамақтану тәртібі жайлы айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

«Ең бастысы – тамақты мөлшерден тыс тұтынбау, күніне үш рет уақытылы ас ішу және калория жинамау керек. Мен таңғы асқа салат пен ботқа, түскі асқа – көкөніс сорпасын, балық немесе етті тамақтарды,  ал кешкі асқа – балық яки тауық етін жеймін. Мінекей менің тамақтану тәртібім осындай. Өзімді өте сымбаттымын деп айта алмаймын, алайда өз-өзімді ұстап тұруға тура келеді, солай емес пе?» деді Тұңғыш Президент.

Оның айтуынша тек қана дұрыс тамақтанып қана қоймай, уақытылы спортпен айналысып тұру керек екенін де айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT