Наурызды тойламай-ақ қоялық

(1 Vote)

«Түркияға жүз шақты киіз үй жіберсек? Зілзаладан үйлері қирап қалған халық ашық далада отыр. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй шошып отырған бұқараға психикалық қатерсіз көңіл күй сыйлар еді.

Наурыз мейрамында әр облыста жүздеген киіз үй тігіледі. Әкімдіктер өңірде қанша киіз үй барын біледі ғой. Жинап, Түркияға жіберейік. Осы жолы Наурыз тойламай-ақ қоялық. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, “ата жұрттан көмек келді“ деген сөздің психологиялық салмағы алапат. Әрі достығымыз, туыстығымыз осындайда артады", - деді белгілі журналист Нұрбек Бекбау.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адам саны 5 894-ға, жарақат алғандар саны 34 810-ға жеткен. Ал,осы елге көршілес жатқан Сирияның денсаулық сақтау министрі Хасан Мұхаммед әл-Габаш зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 1250-ге,жараланғандар саны 2054-ке жеткенін хабарлады.

Сілтеме:https://t.me/JanalyqKz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521