Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

(0 Votes)

Биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай 5 күн демалады.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн – 21-23 күндері демалады. Дегенмен, биыл мемлекеттік мереке саналатын 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр.

Ал «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады.

Сонымен қатар наурыз айында тағы бір мемлекеттік мереке бар. Ол 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Мереке дүйсенбіге тура келеді, сәйкесінше қазақстандықтар сенбі, жексенбі және дүйсенбіде демалады. Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.

«ҚазАқпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521