Нұрлы Сүндетқызымен «Жарқын жүздесу»

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада Құрманғазы ауылдық округі аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, жоғары санатты дәрігер Нұрлы Сүндетқызымен «Жарқын жүздесу» атты кездесу кеші өтті.

Алдымен кеш қонағы әріптесі Галина Василийқызы, құрбысы Гүлнар Өтепқалиқызымен төрге шығарылды. Жүргізуші Меңдісұлу Меңдіханқызы білікті дәрігерден өскен ортасы, ата-анасы, үлкен жүректілік пен мейірімділікті талап ететін құрметті мамандықты не үшін таңдағаны, алғаш еңбек жолы, өзінің тәлімгерлері, отбасы, әже статусы жөнінде сұрап, шара барысы сыр сұхбатпен өрілді. Кітапханашы Светлана Өтемұратқызы «Дәрігер – мейірімділік жаршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Құрманғазы ауылдық округі әкімінің орынбасары Мерей Есенгелдіұлы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы, кітпхана директоры Анар Нуриқызы, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Әйгерім Асқарбекқызы, ақын-жазушы Таңатар Дәрелұлы сөз сөйлеп, Нұрлы Сүндетқызының кәсіби біліктілігін, мамандыққа деген адалдығын, ақ халатты абзал жанның шынайы келбетін тілге тиек етіп, өнегелі шараны ұйымдастырушыларға зор ризашылығын жеткізді. Құрманғазы ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Гауһария Кінәмақызы кешті қорытындылап, адам жанының арашашысы болған ауданымыздың медицина қызметкерлерін төл мерекемен құттықтады. Шарада С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін орындады.

 

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521