Нұрлан Ноғаев Маңғыстау халқына үндеу жасады

(0 Votes)

Өңір басшысы облыс тұрғындарын тыныштық сақтауға, жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеуге шақырды.

«Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер! Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қаяу түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн. Біз кез келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз. Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру, заң мен құқықтық нормаларды бұзу - жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі, мәселені шешпейді. Баршаңызды сабыр сақтап, ел тыныштығын бұзбауға шақырамын. Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір - ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы» делінген әкімнің үндеуінде.

Оның айтуынша, қазір әсіресе арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет.

«Бәріміздің мақсатымыз бір. Халқымыз адал еңбек етіп, атқарған жұмысына сай еңбекақысын алып, ертеңіне сеніммен қарап, сыйластықта өмір сүруді қалаймыз және оны жүзеге асыру үшін жұмыстанудамыз. Кәсіпорындарда тыныштық пен тұрақтылықтың болғаны бәріміз үшін де тиімді. Қазір Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен рухани тазару айы. Біз Сіздермен осыған дейін бірлескен күш-жігеріміздің арқасында талай сын-сағаттардан өттік, оған тарих куә. Бұл түйткілді де ауызбіршілікпен, ынтымақпен еңсереміз деп сенемін. Халқымыз тыныш, ел іргесі – бүтін болсын» дейді Нұрлан Ноғаев.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика