Бұл заң жобасы 2023 жылғы 8 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды. Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңын" қабылдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, Заң бақылау мен қадағалау нысандарын оңтайландыруға, қадағалау салаларындағы жедел ден қою шараларын заңнамалық деңгейде реттеуге бағытталған түзетулерді ұсынады:
— Қадағалаудың 10 бағыты бойынша, жедел ден қою шараларын іске асыруды реттеу;
— Бақылаудың 10 саласында мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
— Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу аясынан шығарылған 7 салада бақылауды жүзеге асыру тәртібін реттеу;
— Бақылау мен қадағалаудың 4 бағыты бойынша тергеуді жүзеге асыру тәртібін реттеу;
— Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы бақылап сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттеу.
Еске сала кетейік, бұл заң жобасы 2023 жылғы 8 қарашада бірінші оқылымда мақұлданды. Сонымен қатар, заң жобасы бойынша жұмыс тобының жұмысы барысында депутаттар кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсартуға, мемлекеттік бақылау жүйесін оңтайландыруға, оларды жүзеге асырудың ашықтығын арттыруға бағытталған түзетулер енгізді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру шеңберінде "Әділ мемлекет. Бір ұлт. Өркендеген қоғам" әкімшілік кедергілер мен қажетсіз талаптарды азайтуды көздейтін "Таза парақ" кәсіпкерлік реттеуді енгізуге бағытталған түзетулер енгізілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және құқықтық технология талаптарына сәйкес келтіру, заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылау және мазмұнын жақсарту бойынша түзетулер енгізілген болатын.