Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған атыраулық куәлікті қайта алған

(0 Votes)

Атырау қалалық прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, уәкілетті органның көлік басқару куәліктерін беру заңдылығына талдау жүргізілген.

Талдау кезінде жолда құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыты көзделген. Нәтижесінде сот үкімімен көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған тұлғаларға жүргізуші куәлігін қайтадан беру дерегі анықталып отыр. Осыған байланысты прокурорлық қадағалау актісі негізінде жауапты тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

«Сот үкімімен Атырау қаласының тұрғыны көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған. Алайда, оның Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы арқылы көлік басқару куәлігін заңсыз алғаны анықталды. Осы дерекке қатысты жинақталған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолданды», -дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика