МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЖОЙМАЙДЫ

(0 Votes)

Мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатын оқып, жақсы әсер алдым. Ақпарат құралының өкілі ретінде Президентіміздің журналистикаға қатысты айтқанынан бастайын.

 Қазақ тілді басылымға сұхбат бергені, Қасым-Жомарт Кемелұлының мерзімді басылымдарды оқып отыратыны көңілімнен шықты. Сол себепті сөзбе-сөз келтіргенді жөн көрдім. Сұхбатта: «Газет-журнал оқу – жас кезімнен қалыптасқан дағды. «Аna tili» газетін де тұрақты оқып тұрамын. Мен мәліметті телевидение, интернет, әлеуметтік желі сияқты сан алуан ақпарат көздерінен аламын. Бұдан бөлек, күн сайын түрлі мекемеден материалдар келіп түседі. Ақпарат кеңістігіндегі үрдістерді жіті қадағалап отырамын. Жазбаша мәтіндердің мән-маңызын төмендетуге болмайды. Мерзімді баспасөз бәрібір мемлекеттік саясаттан хабар беретін маңызды ақпарат көзі болып қала береді. Менің болмыс-бітімім талдау жасауға бейім. Сөйлейтін сөздерімнің, мәлімдемелерімнің, тіпті жолдайтын хаттарым мен жеделхаттарымның мәтінін де өзім мұқият қараймын. Мен редакциялағаннан кейін мәтіндер мүлде басқаша болып шығатынына аппарат қызметкерлері әбден үйренген. Осы сұхбатты сіздердің басылымдарыңызға беру арқылы еліміздегі журналистиканың тірегі саналатын қазақ тіліндегі медиаға қолдау көрсеткім келді», деген сөздерінен қазақ тілді басылымдарға деген құрмет, зиялы қауым өкілі ретінде әрбір жазбасына асқан ұқыптылықпен қарайтыны байқалады. Жалпы сұхбатта біраз мәселелер қамтылған. Олардың бәрі ел өмірі үшін аса маңызды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT