«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ережесі жарияланды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімдігі «Мерейлі отбасы-2022» Ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне құжаттар қабылдау басталғандығы туралы хабарлайды.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурстың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім тиісті құжаттармен бірге Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 15 маусымға деиін қабылданады.
Қажет құжаттар тізімі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8 ) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет.

Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Байланыс телефоны: 2-16-13; ұялы: 87754611625
Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521