banner_damu

МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

(0 Votes)

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Ерлан Кайнютулаевич Кабдинов тағайындалды», -деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов жаңа басқарма басшысын ұжымымен таныстырып, алдағы тұрған мәндеттерді атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Ерлан Кабдинов 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Білімі жоғары, 2003 жыл - Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын экономист, 2012 жыл - Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін 2000-2003 жылдары General Electric халықаралық компаниясында менеджер болып бастайды.

2003-2006 жылдары Астана қаласындағы «Аль-Тагир» ЖШС директорының орынбасары болып еңбек етеді.

2006-2009 жылдары Атырау және Ақтау қаласындағы "БК-Стройпроект" ЖШС бас директоры, 2009-2011 жылдары Ақтау қалалық Саулет және қала құрылысы бөлімінің техникалық қызметкері, бас маманның міндетін атқарушы, сондай-ақ бас маман қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы болып, одан кейін орталық мемлекеттік органдарға ауысып, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті Аттестаттау басқармасының сарапшысы лауазымында болған.

2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Аттестаттау басқармасының бас сарапшысы болып еңбек етеді.

2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару Лицензиялау және аттестаттау басқармасының бас сарапшысы болып қызмет істейді.

2016-2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасының бас сарапшысы қызметінде болады.

2018-2019 жылдары Атырау қалалық Білім бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, Басшы орынбасары болып қызмет атқарған. Ерлан Кабдинов жаңа лауазымға дейін Атырау қалалық сәулет және қала құрлысы бөлімінің басшысы болып еңбек еткен.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика