Мемлекеттік қолдаудың арқасында Атырауда "ELZA&ART" студиясы ашылды

(0 Votes)

Көктемгі мерекелер қарсаңында Атырау қаласында сән көрсетілімін ұйымдастырумен "ELZA&ART" студиясының ашылуы өтті, ол мұнай астанасының әйелдер жартысын таң қалдырды және қуантты.

Білімі бойынша Эльза Калиева қаржыгер, бірнеше жыл бойы ҰҚК-де корпоративті сатылымдардың бас менеджері болып жұмыс істеді, бірақ шығармашылыққа деген сүйіспеншілік өз бизнесін ашуға әкелді.

2016 жылы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында киім дизайнерлері курсын сәтті аяқтап, өз командасын жинап, дизайнерлік ателье ашуды ұйғарды. Сол жылы "Атырау аруы" байқауында оның алғашқы сән көрсетілімі өтті, ол бизнестің табысты дамуына қуатты серпін берді. Жұмыс барысында "Қалиева" ЖК компаниясының өз клиенттері пайда болды, жетекші Атырау компанияларынан жеке тапсырыстар түсе бастады.

Бүгінде Эльза Қалиева патенттелген "ELZA&ART"брендімен өзінің киім желісін шығару бойынша танымал дизайнер. 2019 жылы  "Business Lady Kazakhstan" жобасы бойынша Франциядағы Қазақстан күзін көрсетуге шақырылып," VOGUE "журналы мен" DIOR","PRADA" әлемдік сән үйінің өкілдерін киім үлгісімен таң қалдырды.

2021 жылы Нұр-сұлтан қаласында "Bissness Lady Kazakhstan" ұлттық киімінің үздік дизайнері, Гранпри жеңімпазы және Түркістан қаласында "Nomad Fashon Day" байқауының үздік дизайнері болып танылды.

Қазіргі уақытта Эльза шеберлік сабақтарын өткізіп, тәжірибесі мен білімін бастаушы кәсіпкерлермен бөліседі. Айта кету керек, оның көптеген оқушылары тағылымдамадан өтіп, жетістікке жетуде, сән киімдерін шығарады, оның басшылығымен өтетін сән байқауларына белсенді қатысады.

Кәсіпкер атап өткендей: - "Менің арманым өзімнің жоғары кәсіби командам мен тату отбасымның арқасында өте жылдам орындалуда. Мен алты баланың анасымын және үнемі жұбайымның қолдауын сезінемін. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу маған студия үшін жылжымайтын мүлік сатып алуға мүмкіндік берді".

"Қалиева" ЖК-нің жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша жобасын "Банк Центр Кредит" АҚ "БЖК-2025" бағдарламаның 2 бағыты шеңберінде мақұлдады, онда Қордың кепілдігі кредит сомасының 22%-ын құрады.

Кәсіпкер Эльза Қалиева мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "ULTTYQ ÓNIM" көрмесіне шақырылды.

 

 

Мекен-жайы: Атырау қаласы

Аманшин көшесі, 4 б-жол

тел :87015546848

Instagram: elza_art_kz

Соңғы жаңалықтар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика