Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер-өмір сапасы

(0 Votes)

Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды.

Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi.

Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу.

Бүгінгі таңда Азғыр ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру"
  3. Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  4. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою; 
  5. Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту; 
  6. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

Қызметтерді алу процесін жеңілдету мақсатында, Азғыр ауылдық округ әкімінің аппаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған, оның көмегімен әрбір азамат электрондық қызметті өз бетінше немесе ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерінің көмегімен ала алады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сай, қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ, мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Заңнама талаптарының бұзылу фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту фактілері тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орнатылған. Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенд орнатылған. 

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік кызмет керсету стандарттарына сайкес «өзіне-өзі кызмет керсету бұрышы» арқылы жыл басынан бері 257 электронды кызмет көрсетілді.

Ж.Мұқажанқызы,

Азғыр ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT