Мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

(0 Votes)

Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті және «Атамекен» РМК кәсіпкерлік субъектісінен кір сабын және жуғыш заттар өндірісін кеңейту бойынша қойма мен цех салуға Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жауапты қызметкерлері сәулет-жоспарлау тапсырмасын бермеу туралы өтініші келіп түсті.

Өтінішті қарау барысында лауазымды тұлғалардың сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден заңсыз бас тарту фактісі анықталып, осыған байланысты Департаментпен Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне СЖТ беру туралы ұсынымдар жолданылды.

Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі оң шешім қабылдады, яғни СЖТ берілді. Сондай-ақ заңсыз бас тартқаны үшін лауазымды тұлға ҚР ӘқБК 465 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті хабарламасы негізінде дайындалды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521