Мемлекеттік қызмет - мәртебелі міндет

(0 Votes)

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. 

Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар.

Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде.

Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

Құрманғазы аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарда – аудан әкімі аппараты, 19 ауылдық округ және 8 дербес бөлімінде 179 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады , оның ішінде басшылық лауазымда - 38 қызметкер.

Мемлекеттік қызметке жайден жай орныға салмайтынын бірі білсе, бірі біле бермес. Мемлекеттік қызметші боламын дегендер кадрларды іріктеп, жетілдіру сәтінде мүдірмеу керек. Онда адами құндылықтарымыз мінез бен ой-өрістің қаншалықты деңгейде екендігі де сыналады. Уақытпен санаспай халық үшін қызмет ететін білімділік пен біліктілік ең басты назарға алынады. Мемлекеттік қызметші Ата Заңдарымызбен қатар, Рәміздеріміз жайлы, жаңа қабылданған заңдарды да білуі тиіс. Осындай жолдардан өту арқылы мемлекеттік қызметке конкурстық негіздегі іріктеу әділ де тиімді өтеді.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының бұл қызметке орналасудағы артық кедергілерді жою мақсатындағы тапсырмасына сәйкес, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға қажетті түзетулер енгізілген болатын. Онда мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалатын болады.

Осы тұрғыда аудан әкімдігінде өткен жыл ішінде 12 конкурс жарияланып, нәтижесі бойынша 26 қызметші жұмысқа қабылданды, оның 8 мемлекеттік қызметке алғашқы кіргендер. Мемлекеттік қызметке кірген азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленіп, тәлімгер тағайындалып келеді.

Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды қатаң сақтауы тиіс. Заңнамаға сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға, өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық және мемлекеттiк мүлiкті жеке мақсаттарда пайдалануға, тағы басқа заңға қайшы әрекеттерді пайдалануға құқылы емес. Мемлекеттік қызметке халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды.

Сондықтан, біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімдік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады.

Рабиға Қисамеденова,

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды

басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521