banner_damu

Мемлекет басшысы: Ел бірлігін нығайтуда ассамблеяның рөлі маңызды

(0 Votes)

Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайтуда ең маңызды рөл атқарады. ҚР Президенті, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның бүгінгі отырысында осындай пікір білдірді.

«Бүгін бәріміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында жиналып отырмыз. Тәуелсіздік мерейтойы - Қазақстан үшін аса маңызды тарихи белес. Біз осы жылдарда тұғыры мығым, қуатты мемекет құрдық, экономикамызды өркендеттік, халықтың әл-ауқатын арттырдық. Мұның бәріне берекелі бірлігіміз арқылы қол жеткіздік. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасныда елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімні бірегей үлгісі қалыптасты. Оның тиімділігін әлем қауымдастығы мойындады. Қазақстандағы тұрақтылық пен татулық қоғамдағы ынтымақ пен теңдіктен, өзара сенім мен құрметтен бастау алады», - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Президент қазіргі күнде ұлтаралық ынтымаққа қатер төндіруі мүмкін сын-қатер көп екенін еске салды.

«Қастерлі отанымызда түрлі мәдениеттердің үйлесім тапқаны - біртұтас ұлт болып ұйысуымыздың басты қағидаты әрі айнымас стратегиялық бағдарымыз. Қазіргі заманда сын-қатерлер аз емес. Мұндай жағдайда біз жалпы ұлттық бірлігімізді одан әрі бекемдей түсге тиіспіз. Сонда ғана мемлекеттілігімізді нығайтып, жаңа белестерді бағындыра аламыз. Мен биылғы Жолдауымда ел бірлігін нығайта түсу қажеттігіне айрықша мән бердім. Осы маңызды жұмыста ассамблеямыз ең маңызды рөл атқаратыны сөзсіз», - деді Мемлекет басшысы.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика