Мажар инвесторы Атырауда күннен энергия алу жобасын ұсынды

(0 Votes)

Мажар инвесторы Атырауда күннен энергия алу жобасын іске асыруды ұсынды.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен кездескен мажарстандық «Globalia» компаниясының директоры Габор Шаги мәлім етті.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, биылғы 6 айда Атырау облысының Мажарстанмен ішкі сауда айналымы 894 мың АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде экспорт көлемі 440 мың АҚШ долларын, импорттың үлесі 454 мың АҚШ долларын құраған.

Тараптар экономикалық, іскерлік байланысты бекемдей түсудің ықтимал бағыттарын талқылады. Мажарстан кәсіпкері Атырауда қуаты 100 МВт болатын күннен қуат алу паркін салуды ұсынып отыр.

«Атырау облысының экологиялық ахуалы көңіл бөлуді қажет етеді. Осы орайда күннен қуат алу жобасының маңызы зор. Оған қажетті су көзін «Сасықсай» булану алаңынан алуды ұсынғым келеді. Қазір облысқа қарасты кей аудандар электр желісін көршілес Ресей Федерациясынан алып отыр. Оны өз балансымызға алу үшін бірнеше шақырым желі тартып, бекет орнатқанша, осы жобаға сәйкес 20 мВаттық индустриялық саябақ салған әлдеқайда тиімді болар еді. Бұл жобаға қолдау танытамыз. Біздің тараптан қажетті көмек көрсетіледі», -деді Серік Шәпкенов.

Шетелдік инвестор экологиялық таза энергиямен қамтамасыз ететін «күн сәулесінің көмегімен сутегі генераторы арқылы жасыл энергия алу» жобасының тиімділігіне тарқатып берді.

«Қаланы үздіксіз электр энергиямен жабдықтаудың бір нұсқасы – сутегі генераторы. Оны өндіруге қажетті энергия күннен қуат алу саябағы немесе жел электр станциялары арқылы өндіріледі. Электролиз кезінде алынған сутегі газын шағын электр құрылғыларына, автобустарға, автомобильдерге және тіпті үлкен электр қондырғыларына қуат беру үшін пайдалануға болады. Сутегі генераторы жанар-жағармай генераторларымен бірдей отын мөлшері болса да, оған қарағанда ұзақ жұмыс істейді», -дейді Габор Шаги.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521