Құрметті жерлестер!
Өкінішке қарай, екі жерлесіміз коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Бірі — 1964 жылы, екіншісі —1951 жылы туған ер адам.
Медициналық қызметкерлеріміз қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Алайда, оларды қауіпті дерттен аман алып қала алмады.
Марқұмдардың имандары саламат болсын, туған-туыстарына көңіл айтамын.
Құрметті жерлестер, бұл қаза коронавирус инфекциясының қаншалықты қауіпті екенін көрсетті. Бір сәт те босаңсымауларыңызды сұраймын.
Маскалық режимді, әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыздар. Санитарлық талаптар барша мекемелер мен нысандардың басты ұстанымына айналуы тиіс.
Махамбет Досмұхамбетов,
Атырау облысының әкімі