Құмар ойынға құрық салынады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Қаржылық Мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп - тексеру департаментінің негізгі қызметі «көлеңкелі экономикамен» күреске және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінгі күні, біздің қоғамымыздың негізгі өткір әлеуметтік проблеманың бірі ойынқұмарлық мәселе болып отыр. Құмар ойындарға өте тәуелді адамдары бар отбасылардың мәселесі қоғамда көбірек талқыланатын және сыналатын өткір мәселенің бірі болды. Сонымен қатар, бизнес тұрғысынан мұндай адамдар ойын мекемелерінің «тұрақты клиенттері» ретінде қарастырылуы мүмкін.

Осылайша, ойын бизнесінің заңсыз қызметінің салдарының бірі психиканың бұзылуы, ойыншының көзқарасының өзгеруі, ойындарды төлеу үшін отбасы бюджетіне қол сұғушылық болып табылады, бұл өз кезегінде жалпы қоғамға үлкен зиян келтіреді.

Сол себепті, Департамент қызметкерлерімен тұрақты түрде облыс аймағында заңсыз ойын бизнесінің қызметін, соның ішінде ойын орындарын жою бағытында жедел профилактикалық шаралары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, онда ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру үшін – мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осыған байланысты жалға берушілерге Сіз тапсырған ғимараттар мен ғимараттардағы алаңдарды жалға алу мәселелері бойынша өтініш білдірген тұлғаларға заңсыз ойын бизнесімен айналысу немесе лотерея терминалдарын орнату үшін берілмеуіне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Облыс, қала немесе аудандар аймағында заңсыз ойын бизнесі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат сізге белгілі болған жағдайда, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне 8 (7122) 35-42-10 телефоны бойынша хабарласуды (хабарлауды) сұраймыз.

 

Атырау облысы бойынша Экономикалық

тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру –бақылау басқармасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521