Мансур Ошурбаев Атырау МӨЗ-дің экологиялық жобаларымен танысты

(0 Votes)

Атырауға жұмыс сапары барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев «АМӨЗ» ЖШС-ге келді.

Делегация құрамында  Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Руслан Төкенов, Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Нұрлан Жантоқов, Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының м.а Ерболат Есенов, сондай-ақ облыстық мәслихаттың экология жөніндегі комиссиясының төрағасы Арман Хайруллин болды.

Олар алдымен өндіріс алаңына барып, каталитикалық риформинг қондырғысының мұржасында қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (МАЖ) іске қосу барысымен танысты.

Әрі қарай зауыт өкілдерімен өткен жиналыста вице-министрге мұнай коксын қыздыру, Paramax технологиялық қондырғылары мен жылу және электр энергиясы өндірісінде МАЖ жүйесінің нақты уақыт тәртібінде сынақтық режимде жұмыс жасау барысы таныстырылды. Бұдан кейін зауыт мамандары қонақтарға АМӨЗ-де жүзеге асырылып жатқан басқа да экологиялық іс-шаралар, атап айтқанда Tazalyq жобасының нәтижелері, резервуарларды понтондармен жабдықтау жұмыстары, сонымен қатар ағынды суларды қосымша тазарту және шикі су дайындау кешенді қондырғысын салу жөніндегі жоспарлар туралы айтты. 

Кездесу барысында зауыттан шығатын ағынды суларды Атырау қаласының кәріздік тазарту станциясына жіберуге рұқсат алу мәселелсі де талқыланды. 

Іс-шара соңында Мансур Ошурбаев жобаларды жүзеге асыруда Экология министрлігі мен зауыттың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтіп, түйткілді мәселелерді шешуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521