Мамандар дабыл қағуда: 32 педофил бостандыққа шығады

Рейтинг: 0 / 5

Жазасын өтегендерге арналған оңалту бағдарламасы болмаса, жағдай ушығып кетуі мүмкін, дейді мамандар.

Қазақстанда жылдың аяғына дейін 32 педофил бостандыққа шығады. Оларға химиялық кастрация жасалмайды. Себебі барлығы осы шараны заңды түрде енгізгенге дейін сотталған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан «Хабар 24» арнасына  сілтеме жасап.

Ал құқық қорғаушылар мен психологтар дабыл қағып отыр. Өйткені елімізде бостандыққа шыққан ондай қылмыскерлерді бақылау бағдарламасы жоқ. Олармен тиісті мамандар да жұмыс істемейді. Психологтардың айтуынша, бостандыққа шыққан педофил бір жылдың ішінде тағы қылмысқа баруы әбден мүмкін. Оны статистика да растап отыр. Мәселен, бүгінде 2 мыңға жуық адам педофилия үшін жазасын өтеп жүр. Олардың 20 проценті – қылмысты қайта жасағандар. 

«Екінші рет жасалған қылмыс әлдеқайда қауіпті. Қылмыскер қоғамның реакциясын және алғашқыда неден қателескенін біледі. Содан барынша сақ жүреді. Меніңше, бостандыққа шыққан ондай адамдарды кейін арнайы психологтар бақылап тұруы тиіс. Оларға ішкі қажеттіліктерін жеңіп отыруға көмектесіп отыру қажет. Осы қажеттіліктер мидің ішінде ғой, қылтиып шыға келгенде екі жол бар. Психологқа барып, тығырықтан шығу жолын іздейді. Ал ондай маман болмаса, арам ойлар мазалай береді», – деді психолог Ержан Базарбаев.

«Құқық» қоғамдық қорының жетекшісі Анна Рыльдің айтуынша, оңалту шараларын түрменің өзінде бастау қажет. Алайда колонияда көп жағдайда бір ғана психолог жұмыс істейді.

«Мысалы, біз 24 жастағы адамның үкімін зерделедік. Ол мас күйінде жас балаға қатысты аса ауыр қылмыс жасаған. Зорлау әрекетінің салдары да аса ауыр болды. Біз ондай адаммен жұмыс істеуден бас тарттық. Себебі оңалту шаралары түрменің өзінде басталуы қажет. Онымен психотерапевт, психолог, сосын терапевт жұмыс істеуі керек. Бірақ колонияда ондай қызмет кешенді түрде көрсетілмейді. Бір ғана психолог бар. Оның жұмысы өте көп. Сондықтан жазасын өтегендерге арнайы оңалту бағдарламасы болмаса, жағдай ушығып кетуі мүмкін», – деп атап көрсетті Рыль.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика