МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ: АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ ЖҮКТЕЛЕР ТАЛАП КҮШЕЙДІ

(0 Votes)

«Х.Ерғалиев ауылында келер жылы жол құрылыс жұмыстары басталады.

Бұл туралы Исатай ауданына қарасты Қамысқала ауылдық округінің әкімі Рафиғат Тәжиденова Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қабылдауында болған кезде айтты»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алымен өңір басшысы Р.Тәжиденованы «Үздік ауыл әкімі» облыстық байқауынан топ жарып, ал республикалық конкурста облыс намысын қорғап келуімен және Қамысқала ауылдық округінің әкімі болып қайта сайлануымен құттықтады.

«Ауылды көркейту, ауыл шаруашылығын дамыту, әлеуметтік мәселелерге айрықша көңіл аудару – өте маңызды. Осы тұрғыда Атырау облысының 2025  жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Бұл – өңірімізді дамытудың батыл қадамы және нақты шешімі ретінде қабылданған құжат. Аталған маңызды құжат шеңберінде Қамысқала ауылдық округінде де біраз жобалар қолға алынады»,-деді облыс басшысы. Сондай-ақ ол жергілікті тұрғындардың проблемаларын жақсы білетін, оларды дер кезінде шешуде қажетті іс-шаралардың тиімді жолдарын ұсынатын ауыл әкімдеріне зор жауапкершілік жүктелгеніне де тоқталды.

Өз кезегінде Р.Тәжиденова ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігін баяндады.

«Ең алдымен сіздің қызметтік сапар барысында берген тапсырмаларыңызға сай, түйінді мәселелер шешімін тауып, халық ризашылық білдіріп жатқанын жеткізгім келеді»,-деді Қамысқала ауылдық округінің әкімі. Оның сөзінше, алдағы жылы 8,6 шақырым ауылішілік жол мен 4 шақырым жаяу жүргіншілер жолы құрылысының жұмысы басталады.

«Қолдан келгенше округке қарасты ауылдардың жағдайын жақсарту үшін жұмыс істеудемін. Президенттің де, аймақ басшысының да нақты тапсырмасы осы. Бұл сондай-ақ азаматтық тұрғыдан да міндетім деп санаймын»,-деген ол   алдағы жұмыс жоспарларымен де таныстырды.

Сондай-ақ, кездесу барысында Махамбет Досмұхамбетов вакцинациялау, қысқа дайындық жұмыстарының барысын  пысықтады. Оған қоса, өңір басшысы Қамысқаладағы инфрақұрылымдық жұмыстарды жандандырып, ауылдың әлеуетін жақсарту бағытында округ әкіміне бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов округ әкімі Рафиғат Тәжиденовның жұмысына жеміс тілеп, «Алғыс хат» табыс етті.

Айта кетейік, 2017 жылдан бері құрамына үш ауылдық елді-мекен кіретін Қамысқала округіне әкім болып келген Р.Тәжиденова 7 қарашада сайлауға түскен. 82 пайыз дауыспен қайтадан әкім болып сайланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521