Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрына басшы тағайындалды

(0 Votes)

Бүгін Атырау облысы Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры басшының лауызымына Сағынтай Сатыбалдыұлы Көпжасаров тағайындалды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа басшыны облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсия Қыстаубаева ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сағынтай Көпжасаров 1980 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол Дина Нұрпейісова атындағы музыка училищесінің домбыра-тенор музыка пәнінің мұғалімі мамандығын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығын тәмамдаған. С.Көпжасаров 2002-2005 жылдар аралағында Атырау селолық саз мектебінде домбыра аспабы бойынша мұғалімі, 2005-2012 жылдар аралығында алғашында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында, кейін Амангелді халық театрында көркемдеуші болып еңбек еткен. 2012-2016 жылдары «Облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени-демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» КМҚК-де түрлі лауазымда қызмет атқарды. 2016-2017 жылдары Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы басшының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, 2017-2022 жылдары «Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» КМҚК басшысының қызметін атқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521