Мәжіліс депутаты Қызылқоға ауданындағы Көздіқара ауылы тұрғындарымен кездесті

(0 Votes)

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында депутат Қызылқоға ауданына арнайы сапармен барып, Көздіқара ауылы тұрғындарымен кездесті.

Көздіқара ауылының тұрғындарымен кездесуде депутат 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдум туралы ақпарат берді.

"Референдум - заман талаптарына сай жаңаратын Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған қадам. Референдумға қатысу арқылы біз, Конституцияны өзгертуге ықпал етеміз. Сол арқылы біз шын мәнінде халыққа қызмет ететін мемлекет құрамыз" деп атап өтті депутат.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты партияларға байланысты қойылып отырған жаңа талаптар, Президент туыстарының мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуіне қатысты шектеулер, Елбасы мәртебесіне қатысты бірқатар сауалдарға жауап берді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика