Мұз үстінде қалып қойған балықшы құтқарылды

(0 Votes)

Өзен бетінде жүзіп жүрген мұз кесегінің үстінде қалып қойған балықшы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұз үстінде қалып қойған атыраулық балықшыға Жайық өзені бойымен серуендеуге тура келді. Ол жағалауда мұзда балық аулап отырған. Сол кезде ол отырған мұз кесегі жағалаудан бөлініп, өзен ағысымен қалқып жүзіп кеткен. Бірақ балықшы қорықпаған. Куәгерлер құтқарушыларды шақырып, олар келіп жеткенше балықшы байбалам салмай, мұз үстінде қасқайып тұра берді. Құтқарушылар қайықпен өзен ортасына дейін жүзіп барып, оны жағалауға шығарды», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жұма күні Жайықтағы мұз опырылып бұзылды.

Өйткені күн күрт жылынып, өзен бетіндегі мұз тым жұқарып кеткен.

Ал тұрғындар ескертуді тыңдамай, сонда да мұз үстімен жүріп, балық аулап, қауіп-қатерді ескермеген.

Сондықтан қыстың күні мұзды мұзжарғышпен бұзуға тура келген.

inform.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика