МҰНАЙЛЫ ӨҢІРДЕ ТАҒЫ 65 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

(0 Votes)

Атырау облысында 23.06.2020 күнгі мәлімет бойынша тағы 65 адам короновирус жұқтырды.

6 науқас Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Індетті скрининг тапсыру барысында анықтаған.

Тағы 49 адам Атырау қаласының тұрғындары. Олардың 19-ы скрининг кезінде, 7 адам бұрын вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Ал қалғаны 23 –і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға ерікті түрде жүгінген.

Сонымен қатар Жылой ауданы Құлсары қаласының 2 тұрғыны ЖРВИ белгілерімен ауруханаға келіп, олардың да ПТР сынамасы оң нәтиже берді. Бұған қоса, Исатай ауданынан – 4, Индер ауданынан – 2, Махамбет ауданынан – 2 адамнан қауіпті індет анықталды.

Аталғандардың барлығы бұрын індет жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.

23.06.2020 күнгі дерек бойынша өңірде 1540 адам вирусты жұқтырса, 1178 адам емделіп шықты.

depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика