Қазақстанның қай қаласын, қай жерін алмасаңда өте әдемі, өте киелі әрі сезімге толы өзіндік сұлу көркі бар. Әлемді көлемімен, қойнаудағы байлығымен, көктен күн нұры сөнбеген ашық кеңістігімен, жасыл желек табиғатымен тамсандыратыны сөзсіз. Осындай өзінің қыры мен сыры бар өлкенің бірі Атырауға тоқтала кетейік.
Атырау қаласы – ол Қазақстандағы көне қалалардың бірі болып табылады. Іргесі сонау 1640 жылы қаланған деседі. Мемлекетіміз Тәуелсіздік алған соң 1992 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Атырау қаласы болып өзгертілді. Жер қойнауы қара алтынға, суы балыққа толы өлке бүгінде Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды.
Бұл өлкеде көптеген ұлы ғұламалар мен батырлар, ел басқарған ағалар мен жыр сүлейлері өмірге келген. Мәдениеті өркендеген, жастары өнерлі, халқы қарапайым, салт-дәстүрі сақталған, төрт-түлігі бапталған өзіндік ерекшелігі бар жайдарлы дамыған қала атанды.
Жалпы Атырау облысының мәдени өмірі бай және мәнді болып келеді. М.Өтемісов атындағы драма театры, Н.Жантурин атындағы облыстық филармония, әйгілі Д.Нүрпейісова атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, тарихи-өлкетану мұражайы, жасанды-қолданбалы өнер мұражайы бар. Сондай-ақ, мұнда мұнай өнеркәсібінің жобалау институты, университет, драма театры, филармония, орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, кітапханалар, кинотеатрлар, мәдениет және демалыс паркі, қонақ үйлер, бала бақшалары, медициналық мекемелер жұмыс істейді.
Самалы ескен Каспий теңізі мен Орал өзені балыққа, ал жер қойнауы мұнайға толы. Сондықтан өңірдің басты байлығы қызыл балық пен қара уылдырық, мұнай мен газ болып табылады.
Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ, ыстық, ал қыста қарлы, ылғалды. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады. Жазда мазасыз массалары, бауырмал балшығы бәрі-бәрі өзіне тән үйлесімді ерекшелік.
ГАЛЫМЖАН ТАБЫНБАЕВИЧ КЫЗБАЛАЕВ,
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің
Жағалау күзеті 3 дивизионы тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері
3 дәрежелі капитан