М.Досмұхамбетов педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны көбейгенін ​ айтты

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша мектептерге 472 педагог жетіспейді. Оның ішінде, ​ 74 бастауыш сынып мұғалімі қажет.

Осы орайда, педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны артып отыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сілтеме жасап.

​ «Ұстаздардың әлеуметтік​ жағдайына айрықша мән беріп отырмыз. Олардың жалақысы, тұрғын үй және жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі назарда тұр. Сонымен бірге, 14 шағын жинақты мектептердегі (Құрманғазы ауданы бойынша - 12, Исатай ауданы бойынша - 1, Қызылқоға ауданы бойынша - 1) 880 оқушыны штаттық режимде оқыту бойынша дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда, - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов журналистермен арада өткен брифингте.

Айта кетелік, жаңа оқу жылында Атырау облысындағы білім беру мекемелеріне 101 жас маман келеді. Оның ішінде, 20-сы бастауыш сынып мұғалімі және аудандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 20 маман келеді деп күтілуде.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика