Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ҚР мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

«Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» атауымен Астана қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Open Air» фестивалі өтті.

Мәдениет мен өнер адамдарын, кітапхана саласында елеулі еңбек етіп жүрген мамандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық кітапханашы қатысты. Айтулы фестивальге Құрманғазы аудандық ОКЖ ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Серікбаев Арман Карлұлы да қатысып қайтты.

Бағдарлама барысында қатысушылар «BOOKS-TOP» яғни, кітапхана мен баспагерлердің кездесуі негізінде «Фолиант», «Мұқаба», «Mazmundama», «Отбасы хрестоматиясы», «Абай», «Эльдорадо», «Астанакітап» сынды баспалардың көрме-жәрмеңкесін, антикварлық, қолтаңбалар және жаңа кітаптар көрмесін, Art-шеберлік сағаттарын, балалар павильонында интерактивті алаң, түрлі кездесулер мен театрландырылған қойылымдар тамашалады.

Ауданнан барған Арман Карлұлы «Кітапхана ісіндегі менеджмент» шеберлік сағатына белсене қатысқаны үшін ҚР Ұлттық кітапханасының атынан арнайы сертификатпен марапатталды.

Сондай-ақ ҚР мәдениет және спорт министрі Оралов Асхат Раздықұлы ұйымдастырылған іс-шараға белсенді қатысып, қолдау көрсеткені үшін Құрманғазы аудандық кітапхана ұжымын арнайы алғыс хатпен марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521