Ұлттық Банк SHYMBULAQ және TULPAR коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады

(0 Votes)

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) «Қазақстанның інжу-маржандары» сериясынан SHYMBULAQ және «Көшпенділердің аңыздары мен мифтері» сериясынан TULPAR коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

Коллекциялық монеталар 2024 жылғы 20 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың интернет дүкені kazcoins.nationalbank.kz арқылы сатылады.

SHYMBULAQ коллекциялық монеталары туралы

SHYMBULAQ монетасы еліміздің табиғат сұлулығы мен байлығын дәріптеуге арналған «Қазақстанның інжу-маржандары» сериясын бастайды. Оның аясында таулар мен шатқалдарды, су айдындары мен басқа да табиғи нысаналарды қоса алғанда, әртүрлі табиғи көрікті жерге арналған монеталар шығарылады.

SHYMBULAQ монетасының дизайнында петроглифтермен және «Сақтар стилі» элементтерімен қоршалған «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты мен шаңғышы бейнеленген Қазақстан картасының стильдендірілген контуры берілген. Монетаның төменгі оң жақ бұрышында «Шымбұлақ» курортының географиялық координаттары белгіленген.

Монеталар түрлі-түсті баспа және интерференциялық құбылмалы қабат технологиясын қолдана отырып, 925 сынамды күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 31,1  грамм, көлемі – 45х30 мм, дайындау сапасы – «рrооf», номиналы – 1 000 теңге, дайындау таралымы – 1 000  (бір мың) дана.

Монетаның бейнесі

TULPAR коллекциялық монеталары туралы

TULPAR – жаңа «Көшпенділердің аңыздары мен мифтері» сериясының алғашқы монетасы. Серия Қазақстан халқы мен елдің қонақтарын мәдени ағарту мақсатында жасалған.

TULPAR – түркі мифологиясындағы аңызға айналған қанатты тұлпар. Ол – теңдессіз жылдамдық, күш-қуат, еркіндік пен шабыт символы. Ол көптеген түркі халықтарының мәдениетінде фольклор мен эпостарда маңызды орын алады.

Алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925 сынамды күмістен дайындалған. Монетаның массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – black-proof, номиналы – 1 000 теңге, дайындау таралымы – 1 000 (бір мың) дана.

Монетаның бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ     

 Атырау филиалының қолма-қол ақшамен

 жұмыс және кассалық операциялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT