Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2024 жылғы 24 шілдеден бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын сатуға шығаратынын хабарлайды.
Монеталар kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.
Монеталар:
- биколорлы (дискісі – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 34 грамм, сақинасы – танталдан, массасы 40 грамм) монетаның массасы – 74 грамм, диаметрі – 50 мм, сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңгелік, таралымы – 300 (үш жүз) дана;
Биколорлы монетаның бейнесі
- мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5000 (бес мың) дана.
Мельхиордан дайындалған монетаның бейнесі

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ
Атырау филиалының қолма-қол ақшамен
жұмыс және кассалық операциялар бөлімі


