«Life-Рента+» – ең тиімді сақтандыру жүйесі

(0 Votes)

Өмір болған соң түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Алда не күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Күтпеген жерден әлдебір себеппен денсаулығыңызға  зиян келіп еңбекке жарамсыз болып қалуыңыз мүмкін. Басыңызға күн туса ақшаны қайдан аласыз? Сол себепті, өмірді сақтандырып қойғаннан зиян шекпейсіз.

Өркениетті  мемлекеттерде  бұл қалыптасқан дәстүр. Дамыған елдерде адамдар өмірін ғана емес, мал-мүлкін де сақтандырып қояды. Кейбір адамдар өмірді  сақтандыруға ақша салғаннан қандай пайда бар деп ойлары анық. Өмірді сақтандыру – сізге бірдеңе болған жағдайда жақындарыңызға  қауіпсіздік жастығын қамтамасыз  ету. Жоспарланған  шығындарға, мысалы, балаларды  жоғары оқу орындарында  оқытуға қаражат жинау. Зейнетақыны көбейту үшін жинақтау мүмкіндігі. Қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемдері мұраға енгізілмейді – оларды сіз көрсеткен адам ғана алады. Бүгін біз ең тиімді сақтандыру жүйелерінің бірі жайлы сөз қозғамақпыз.

«Life-Рента+» – сақтандырылушының  пайдасына  жұмыс  жасайтын  аннуитеттік сақтандыру. Аталған сақтандыру бағдарламасының негізгі мақсаты – өмірге, денсаулыққа және еңбекке қабілеттілікке байланысты қолайсыз оқиғалар туындаған кезде қаржылық көмек пен қолдауды қамтамасыз ету. Яғни, сондай жағдай туындай қалса сізге көмекке келеді. Әрине, оны басқа бермесін, бірақ, «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, сол сәтте мұнда жинақтаған ақшаңыз қолыңызға тиеді. Сондықтан, оған қатысқаннан ұтылмайсыз. Рентаның  сақтандыру  шарттарына келсек, сақтандырылушы 18 жастан бастап жеке тұлға ретінде қатысуына болады. Аннуитет (сақтандырылушы) - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. 2 жастан 65-ке  дейін болуы мүмкін. Ал, аннуитеттік төлемдер басталған күні сақтандырылушының жасы кемінде 18 жаста болуы тиіс. Оған жетпесе  ештеңе тимейді. Сақтандыру шартында аталған аннуитетті  мерзімі аяқталғанға дейін басқа тұлға алмастыра алмайды.

«Life-Рента+» сақтандыруы  бойынша кім пайда көреді? Пайда алушы – сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. Егер аннуитеттік төлемдер басталған күні немесе оның  тиісті кезеңі аяқталғаннан кейін алушы тірі болса, «Аннуитеттік төлемдер басталған күнге дейін, ал, кейіннен – аннуитеттік төлемнің әрбір кезеңінің соңына дейін өмір сүруі» сақтандыру жағдайы бойынша пайда көреді. Ал, екі арада жасалған  сақтандыру шартында кепілдік берілген мерзім көзделсе және ол  аяқталған күнге дейін аннуитет  қайтыс  болса жағдай өзгереді. Артында қалған адам аннуитет болып табылмаса,  сақтандырылушының көзі тірісінде өз  өтінішінде көрсеткен  тұлғасы  кепілдік берілген мерзім өткенге дейін сақтандыру шарты бойынша пайда алушы ретінде  танылады.

Енді сақтандыру шарттарына тоқталайық. Сақтандыру полисінің мерзімі 5 жыл және одан жоғары. Тиімділігі  зор! Сыйақыларының  өзі керемет! Сақтандыру сыйлық ақыларын төлеу кезеңділігі  ай сайын, тоқсанына, жарты жылда, жылына бір рет, бір реттік болып бөлінеді. Ал, сақтандыру аумағы және мерзімі 24 сағат бойынша бүкіл әлемді қамтиды. Шетелде жүріп те алуыңызға мүмкіндік мол. Кепілдендірілген кіріс 4%-ға дейін. Пайда әкелетін кепілдендірілмеген  кіріс – сақтандыру шарты бойынша сыйақылар компанияның инвестициялық қызметі. Оны төлеу қосымша табыс – сақтандыру дивидендтерін есептеу арқылы, сақтандырудың үшінші жылынан бастап жүзеге асырылады. Сол сияқты сақтандырылушы  85% шегінде сатып алу сомасы арқылы қарыз алуға құқылы. Шарт бойынша сатып алу сомасы  аннуитетке  сақтандыруды  қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады . Сатып алу сомасын  сақтандырылушы  сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде алуға  құқылы.  Нақтырақ айтсақ, сақтандырудың екінші жылынан бастап қалыптастырылатын және шартта көрсетілетін,  сақтандырудың әр жылының аяқталу күніндегі жағдай бойынша сақтандыру. Сақтандырылушының  шартты кез келген жағдайда бұзуға құқы бар. Бұл жағдайда ол сатып алу сомасын (бар болса), бонустық сатып алу сомасын (бар болса) алады. Кепілдендірілген мерзім – полисте  жылдары көрсетілген кезең. Оның ішінде рента алушының тірі немесе қайтыс болуына байланысты  аннуитеттік төлемдер (бар болса) және бонустық аннуитеттік төлемдер (бар болса) жүзеге асырылуы тиіс. Тұтынушы аннуитеттік төлемдерді  жүзеге асыру кезеңінде шартқа кепілдік берілген мерзім шартын енгізе алатынын айта кетейік. Төлемдер кезеңінде қайтыс болған жағдайда, кепілдік берілген мерзімге сай, пайда оның шартқа енгізген адамына  тиеді. Кепілдендірілген мерзім болмаса  өмірден өткен соң  төлемдер тоқтатылады. Бағдарлама мерзімге сәйкес келетін негізгі жинақтау кезеңін қамтиды.

Сақтандыруды жабу жайлы әңгіме қозғасақ, бұл екіге бөлінеді. Негізгі жабу - сақтандырылушының  шартты жүзеге асыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүрмей  аннуитеттік төлемдер жинақтау кезеңінде дүниеден өтуі. Бұған сондай-ақ,  кез келген себеппен (ауру, апат) жазатайым оқиға кезінде қосымша сақтандыру төлемі, жазатайым оқиға салдарынан өлімге әкеп соқтырған, I не II мүгедектік белгіленген жағдайдағы сақтандыру төлемі кіреді. Қосымша жабындар жинақтау кезеңі аяқталған сәттен бастап тыйылады. Негізгі жабу, яғни, жинақтау кезеңі аяқталғаннан кейін сақтандырылушы  шарттарға сәйкес компаниядан төлем ала бастайды. Шарттар, аннуитеттік төлемдер – ай, тоқсан, жартыжылдық немесе жыл бойы төленеді. Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда сақтандыру компаниясы сақтандыру қорғанысының сомасынан егер ол жинақтау кезеңінде өмірден өтсе – сақтандыру жарнасын, төлеп жүріп қайтыс болса – аннуитеттік төлемдер төлеуге көшеді. Күтпеген жағдайда өмірден озса шартқа енгізген адамы  сақтандырудың  негізгі қамту және қорғау сомасы бойынша қосымша – 500 000, 1000 000,1 500 000 теңге немесе сақтандыру сомасына тең негізгі қамту бойынша қаржыны (тұтынушының таңдауы бойынша) алады. Жазатайым  оқиға  нәтижесінде I немесе II топтағы мүгедектік белгіленсе  қосымша қамту бойынша сақтандырылған мөлшерінде 500 000,1 000 000,1 500 000 теңге  немесе сақтандыру сомасына тең негізгі қамту бойынша қаржы (тұтынушының таңдауы бойынша) төленеді. Сақтандырылушыға жарақаттар кестесіне сәйкес таңдалған сақтандырудың 3% - дан 100% - ға дейінгі мөлшерінде сомалар – 100 000, 250 000, 500 000, 750 000, 1 000 000 теңге беріледі.

Тоқ етерін айтсақ, өмірді бағалай білетіндерге арналған «Life-Рента+» сақтандыру жүйесінің  тұтынушы  үшін пайдасы зор. Зейнеткерлік жасты өз бетіңізше жоспарлап және қамтамасыз ете аласыз. Үшінші жылдан бастап компанияның пайдасына қатысасыз. Қарыз алу мүмкіндігі сатып алу сомасының қосалқы кепілі. Қолайсыз оқиғалар туындаған кезде қаржылық көмек және қолдау көресіз. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімділігін таңдау мүмкіндігі өз еркіңізде. Отбасының кез келген мүшесіне, соның ішінде балаларға қатысты сақтандыру бар. Міне, «Life-Рента+» – осындай пайдалы жақтары бар жүйе.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT