banner_damu

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер бағасы бақылауда болсын

(0 Votes)

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар ортаға салынды»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында апта сайын мониторинг жүргізілуде.

«Делдалдық жол бермеу мақсатында, жергілікті ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне өздерінің өндірген өнімдерін халыққа қол жетімді бағамен ұсыну мақсатында 128 тегін сауда нүктелері берілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда, «айналым схемасы» арқылы да жұмыстар жүргізілуде. Бұл әдіс бойынша 800 тонна картоп, 600 тонна сәбіз, 400 тонна пияз, 250 тонна қырыққабат өнімдері жиналды»,- деді А.Саламат.

Оған қоса, 2022 жыл үшін «Азық-түлік Келісім Шарт Корпорациясынан» өңірге қажетті 25 000 тонна бидай алуға Ауыл шаруашылығы министрлігіне сұраныс берілгенін мәлімдеді. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру да өзекті мәселе екенін баса айтқан аймақ басшысы бағаны бақылауда ұстау үшін тиісті органдарға жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика