Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жылда 18,1% қымбаттады, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы:
- өткен аптада - 0,2%,
- ай басынан 0,4%,
- жыл басынан 18,7% өсті.
«Жылдық мәнде олар 18,1% қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа жоғары», - делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.
Өткен аптада арзандады:
- пияз – 4,6%
- картоп – 1,8%
- қырыққабат – 1,7%
- сәбіз – 1,5%
Өткен аптада қымбаттады:
- тұз – 1,9%
- макарон – 1,1%
- бидай ұны, І сұрып – 1%
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 16 тамызға):
- макарон – 271 тг/кг
- құс еті – 1 163 тг/кг
- күнбағыс майы – 844 тг/л
- тұз – 63 тг/кг
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.