Әлеуметтік дамуымыз алға басады

(0 Votes)

Республика күні ұлттық мерекесімен құттықтаған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік салаға көңіл бөліп, аймақтарды жан-жақты дамыту мәселесін мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттың бірі ретінде атап өтті.

«Біз былтыр еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына бірқатар өзгеріс енгіздік. Сол арқылы кейбір облыстың дамуына тың серпін бердік. Менің тапсырмаммен ауыл-аймақты дамыту тұжырымдамасы қабылданды», деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, аймақтарда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын құру – басты міндет болып қала беретініне тоқталды. Мұның да ауылдың дамуы үшін маңызы ұшан-теңіз. Қазір ауданымызда да республикалық, облыстық маңызы бар және ауылішілік жолдардың құрылысы жалғасып жатыр. Аудан орталығында бір мектептің құрылысы жүруде. Президентіміз «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы басталғалы отырғанын, оның аясында 655 амбулатория және фельдшерлік-акушерлік нысан салынатынын, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілетінін жеткізді. Мемлекет басшысы жоба аясында бұған қоса 20 ауданаралық көпбейінді емхана ашылып, халыққа қызмет етіп отырғанының 12-сі заман талабына сай жаңаратынын, соның нәтижесімен 4 миллионнан астам ауыл азаматына сапалы дәрігерлік қызмет көрсетілетінін қаперге берді.

Жанымызға жайлы тиіп, ел дамуына серпін берер жаңалықтардың тағы бірін айтсақ, алдағы уақытта ауылдарда 100 спорт орталығы ашылып, 650 мәдениет ошағы салынады және жөнделеді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік дамуымызға жаңа серпін сыйлары анық. Мемлекет басшысы сөзінен мен осыны ұқтым.

Жұмақай Ғұмаров,

білім, мемлекеттік қызмет, журналистика салаларының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521