Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-дегі кездесу

(0 Votes)

И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінің профессорлары мен студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (https://www.kaznu.kz) химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында болып қайтты.

Кафедра меңгерушісі, профессор Е.А. Әубәкіров кездесуді ашып, университет, факультет, соның ішінде кафедраның ғылыми бағыттары, жетістіктері жайлы таныстырып өтті. Кафедра оқытушылары Усипбекова Е.Ж., Супиева Ж.А. қонақтарды кафедрадағы оқу процесі және ғылыми, жобалық жұмыстарды жасайтын зертханаларды көрсетіп, ондағы маңызды бағыттармен таныстырды. Сонымен қатар университетіміздің мақтанышы болып табылатын әл-Фараби кітапханасымен, ондағы мұражайымен таныстырып, сонымен қатар «Керемет» студенттер орталығын аралатып қайтты.

Е.Ж.Усипбекова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521