Күзгі егін жинау науқаны 98,9 % орындалды

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша егістіктің жалпы көлемі – 10 291 гектарды құрайды. Оның ішінде, 2 980 гектарға көкөністер, 1 364 гектарға бақша, 1 930 гектарға картоп, 4 016,5 гектарға мал азықты дақылдары егілген болатын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Салауат Өтеғұлов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Су үнемдеу технологияларымен өсірілетін егістік алқаптары көлемдері 5 320 гектарға дейін ұлғайтылды. Оның ішінде, тамшылатып суару технологиясы арқылы 3 323 гектар және жаңбырлатып суару тәсілімен 1997 гектар алқап бар. Егілген егістен 29 066 тонна картоп, 97 421 тонна көкөніс, 46 111 тонна бақша, 22 358 тонна мал азықтық дақылдары алынды. Қазіргі таңда 98,9% егіс көлемі жиналды,- деді С.Өтеғұлов.

Оның айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан 800 тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отыны бөлінді. Шаруашылықтар сұранысымен нүктелеріне дейін жеткізіп берген жағдайда 207 теңге/литр, оператордың мұнай базасынан алған жағдайда 202 теңге/литр бағасы ұсынылған.

Ал, күзгі егін жинауға бөлінген – 126 тонна дизель отыны сатып алынып, жеткізілгенін мәлім етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT