Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аталған ауданда жалпы ұзындығы 45,7 км бөгет бар.
Оның ішінде, 2023 жылы көктемгі су тасқыны кезінде жаңадан 16 км бөгет соғылған. "Қарабау ауылында 6 км, Тайсойған ауылында 3 км, Ойыл ауылында 2,5 км, Көздіғарада 1,5 км, Сағыз ауылында жалпы ұзындығы 3 км бөгет бар. 6,5 км бөгетке қосымша биіктету жұмыстары жүргізілді.
Жангелдинде 2 км, Аққорада 1 км, Тайсойғанда 3,5 км. 2023 жылы тасқын су салдарынан бүлініп, қайтадан 3 бөгет, 1 өткел қалпына келтірілді. Сағыз ауылдық округінен 3 км бөгет соғылды. 2024 жылы Миялы ауылының 2,7 км бөгеттері қосымша көтерілді.
Одан бөлек тасқын судың қауіптілігіне байланысты аудан бойынша 28 км 350 метр бөгеттердің қауіп тудырған тұстары нығайтылды" делінген ақпаратта.