Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері үшін көрме сот отырысы өткізілді

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қараша айының 8-күні Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) айыптаудағы «Б.К.» қатысты Құрманғазы ауданының сотында қаралған қылмыстық іс бойынша Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері үшін көрме сот отырысы өткізілді.

Оның мақсаты жастар арасында есірткі қылмыстарын болдырмау және алдын-алу профилактикасы болып табылады. Сот үкімімен «Б.К.» қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT