«МФК Жайдарлым» футбол академиясының шәкірттері жасөспірімдер арасындағы «ALASH CUP» ашық турнирінен чемпион болып оралды. Жақында Атырау қаласында өткен жарыста «Астана», «Аякс», «Номад», «Алаш», «Құрманғазы», «Отаралы» командалары өзара бақ сынасқан болатын.
Тартысты футбол бәсекесінде аталмыш академияның спортшы балғындары қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, үздік ойын өрнегін көрсетті. Жеңіс тұғырынан көрінген жасөспірімдерді бұл турнирге дайындаған жатықтырушысы Ернар Қаражановтың еңбегі атап өтуге тұрарлық.
А.Шакупова