Түркітілдес журналистер қорының он жыл ішінде атқарған қызметі мен отандық журналистика саласына қосқан үлесіне де қатысушылар форум аясына кеңінен атап өтті.
Мәселен, осы жылдарда қор ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және қаржылық қолдау қажет аймақтағы БАҚ қызметкерлеріне қаржылық қолдау білдіріп келеді. Сонымен қатар қор жанынан құрылған жас журналистер мектебінде тәлім алған мектеп түлектеріне де тегін онлайн курстар ұйымдастырып келеді. Сол курстардан тәлім алған түлектердің бірқатары еліміздің журналистика факультеттеріне оқуға түсіп, тегін грант алып келеді. Бұдан басқа, жыл сайын қордың ұйымдастырумен БАҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында әртүрлі тақырыптарда семинар-тренингтер ұдайы өтіп тұрады.
Бүгінгі форумда да спикерлер «Түркі елдеріндегі туризм және пиар», «Түркі елдеріндегі геосаяси ахуал және медиа нарық», «Ақпаратты тұтынудың болашағы: Жасанды интеллект, жаңа форматтар», «Аймақтық БАҚ және бәсекелестік» тақырында баяндама жасады.