Конкурссыз (тестілеусіз) тағайындалды

(0 Votes)

Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғарғы оқу орындарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған үздік түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма. Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін 2023 жылы орташа 3,76 GPA мәнімен үздік аяқтаған Василий Жұлдыз Нұрбекқызы уәкілетті органның келісімі бойынша Қызылқоға ауданы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды. Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT