Коллекциялық монеталардың сатыла бастайтыны туралы

(0 Votes)

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылдың 17 ақпанынан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы мына коллекциялық монеталардың сатыла бастайтынын хабарлайды:

- «Дала қазынасы» сериясымен шыққан KIIZ ÚI монеталарында интерференциялы құбылмалы бейнелеу және алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5000 дана. «Бұғы».

Жалаулы көмбесі. Жетісу (біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғғ.). Көшпенділердің дүниетанымындағы бұғы – төменгі және жоғарғы әлемдерді біріктіретін символ. «Сиқырлы нышандар» сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен дайындалған монетаның сынамасы – 925/1000, массаcы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7 777 дана.

«Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен шыққан QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL, MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL және TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталары мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады.

Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, әрқайсының таралымы – 15 000 данадан.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады: +7 (7172) 77 52 10 e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. www.nationalbank.kz

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының

қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521