Клуб мүшелері Нұржау мен Жаңаталапта

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық музей жанынан құрылған «Өренді өлкетанушы» клубы мүшелерінен жасақталған жұмыс тобы аудан орталығынан шалғай орналасқан Ыбырай Алтынсарин, Нұржау орта мектептерде болып, аталмыш клубтың атқарған жұмыстарын таныстырды.

Құрамында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Атырау облысы және Құрманғазы ауданының «Құрметті азаматы, «Үздік өлкетанушы» Өмірзақ Қажымғалиев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Таңатар Дәрелов, клуб мүшесі Ғалымжан Мұқашев, аудандық музей меңгерушісі Жазира Хайрошовалар бар «Өренді өлкетанушы» клубының жұмыс тобы өткізген жиындары барысында Құрманғазы ауданының ежелгі тарихын қамтитын «Киелі мекен, қасиетті өлке – Құрманғазы» атты екі бөлімнен тұратын танымдық кітапты шығару жұмыстарының кезеңдерін және аталмыш клуб жанынан ауданға қарасты мектептердің жастары арасында жасақталар «Өлкетанушы» тобының ережесін таныстырды. Сонымен қатар музей жанынан экскурсияның қыр-сырын үйрету мақсатында құрылған «Жас экскурсовод» клубына оқушыларды мүшелікке шақырды.

Жиында Клуб төрағасы Өмірзақ Қажымғалиұлы сөз алып, клубтың атқарған жұмыстарын саралап шығып, алдағы міндеттерін таныстырып, топ жетекшісін сайлады. Одан соң клуб мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікірлері айтылды.

lketanushy-otyrysy1

Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің директоры Алтын Тілекқабылқызы Каменова жылы шырайымен қарсы алып, жөндеу жұмыстарынан өткен мектеп бөлмелерін, мектеп қабырғасында жасақталған оқушылардың қол өнерлерін, спорттан алған жетістіктерін көрсетіп, таныстырды.

Күннің жартысында Нұржау орта мектебінде болып, директоры Гүлбаршын Кенжеғалиева да ақ пейілімен қарсы алып, модернизациядан өткен мектептің жетістіктерін көрсетіп, жазушылар Ө.Қажымғалиевпен Т.Дәрелұлының туындыларына арналған кітап көрмесін таныстырды. Мектеп бүлдіршіндері жазушылардың өлеңдерін оқып құрмет көрсетті.

 

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521